Ресей су электр стансасындағы апат құрбандары 17-ге жетті

Ресей ресмилерінің айтуынша, елдегі ірі су электр стансасында орын алған апатта қаза болғандар саны 17-ге жетіп отыр.

Үш күн бұрын Сібірдегі Саян-Шушенск электр станциясында болған су тасқынында жоғалған 58 адам әлі табылмады.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу турбиналарды судан тазарту жұмыстары бейсенбі күні басталды деді.

Су электр стансасындағы турбиналарды не себепті су басып қалғанына байланысты тергеу жүріп жатыр.