Мұнай бағасы осы жылғы рекордтық деңгейіне көтерілді

Мұнай бағасы осы жылғы рекордтық деңгейіне көтеріліп, әлемдік құнды қағаздар биржаларындағы көрсеткіштер де жоғарылады. Экономистердің айтуынша, халықаралық экономикалық жағдай жақсара бастаған көрінеді.

Жұма күні Нью Йорк биржасында бір баррель мұнайдың бағасы 73 доллар 89 центке жетті. Бұл соңғы 10 ай ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар АҚШ пен Еуропаның құнды қағаздар нарықтарындағы көрсеткіштер де көтерілді.