Ресей полициясы оппозиция белсенділерін тұтқындады

Ресей қауіпсіздік күштері бүгін Мәскеу орталығында шеруге қатысқан 9 оппозиция белсендісін қамауға алды. Полиция баспасөз хатшысы Анатолий Ластоветскийдің мәлімдеуінше, бұл шеру ережелерді бұзған, яғни наразылық танытушылар мен ұрандар жазылған плакаттардың саны бұдан бұрын жарияланған санынан көп болған.

Мәскеудегі шеруді Кремлге карсы «Солидарность» қозғалысы ұйымдастырды. Аталған қозғалыстың құрамында бұрынғы министр Борис Немцов пен шахмат бойынша бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров және тағы басқа оппозициялық тұлғалар бар. Интерфакстың хабарлауынша, сенбі күнгі наразылық шарасына 50-ге жуық оппозиция белсендісі қатысқан.