Ирандағы әскери операцияда 26 күрд жауынгерінің көзі жойылған

Иранның солтүстік батысындағы әскери операциялар кезінде 26 күрд жауынгерінің көзі жойылды, — деп хабарлайды IRNA агенттігі. Генерал Мохаммад Пакпурдың айтуынша, бір де бір үкіметтік әскер құрбан болмаған.

Иранның батысында күрдтердің Еркін өмір партиясының жауынгерлері операциялар жүргізуде, олар полиция мен ирандық жергілікті билік өкілдеріне ылғи шабуыл жасауда.