Пәкістан Карачиде шабуыл ұйымдастырмақшы деген күдікпен 7 адамды ұстады

Пәкістан полициясы әл-Қаидамен байланысты бүлікшіл топқа жатады күдіктелетін жеті кісіні елдегі ең ірі Карачи қаласында шабуыл жасамақшы болды деп ұстағандығын хабарлады. Полиция оларды Лашкар-и-Жхангви ұйымына жатқызады және маңызды ғимараттар мен лауазымды үкімет шенеуніктеріне қарсы шабуылдауды жоспарлаған деген мәлімет таратты.

Лашкар-и-Жхангви ұйымы бұған дейін бірқатар ірі шабуылдарды өз жауапкершіліген алған, соның ішінде бұрынғы президент Первез Мушаррафқа қарсы екі қастандық шабуылы мен «Уол Стрит Журнал» тілшісі Дэниел Перлге қарсы қастандықтар бар.