Көптеген ақпарат көздерінің хабарлауынша, 25-маусым күні жүрегі тоқтап қалған «поп музыканың патшасы» Майкл Джексонның өліміне ауыртпайтын әсері күшті препаратты мөлшерден асыра қолдану себеп болған.
Сотта жария етілген деректерге қарағанда, поп әншінің қанының құрамынан табылған дәрінің мөлшері адамды өлтіретін дәрежеде болған.
Бұдан бұрын марқұм Майкл Джексонның жеке дәрігері болған Конрад Мюррейдің үйі мен кеңсесіне тінту жүргізілгенін хабарлағанбыз. 3 сағатқа созылған тінтудің нәтижесінде Мюррейдің үйінен бірнеше пластикалық контейнер тәркіленді.