Бүгін қоғамдық қорғаушы Мейрам Тұржанова «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановқа қарсы ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі тергеу департаментінің заңсыз қылмыстық іс қозғауы туралы» атты баспасөз мәслихатын өткізбек.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.
Бұдан сәл кейінірек, шілденің 1-і күні қаржы полициясы Темірәлі Шіркінбаев деген азаматтың «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановқа белгіленген шектеу шарасын өзгерту үшін пара бермек болған жерінен тұтқындалды деген ақпарат таратқан болатын.
Осыған байланысты мәслихат өткізген Серік Тұржановтың әйелі Мейраш Тұржанова Азаттық радиосына: «Қаржы полициясының өкілі Мұрат Жұманбайдың Темірәлі Шіркінбаев есімді азаматтың Серік Тұржановтың қылмыстық ісін өзгерту үшін пара бермек болды деген мәлімдемесін жоққа шығару үшін баспасөз жиынын өткізіп отырмыз. Біз ол адамды білмейміз, ол жайлы бірінші рет естіп тұрмыз. Мен және менің отбасым, тіпті біздің достарымыз да ол адамды танымайды. Кеше қызым әкесімен кездеспек болған. Серік те ол адам туралы бірінші рет естіп тұр», — деген болатын.