Ертең сағат 14.00-де Астана қаласының ауданаралық экономикалық сотында Қаржылық бақылау комитетінің шағымы бойынша ҚР Статистика агенттігі мемлекеттік басқармасы мен «КИІК Фирмасы» ЖШС-не қатысты сот отырысы өтеді.
Бұдан бұрын «КИІК» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановтың осы жылы маусымның 2-сі күні «халық санағына бөлінген қаржыны жымқырды» деген айыппен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және Қазақстан Республикасы статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынғанын хабарлағанбыз.
Туыстарының айтуынша, оны алғашында 72 сағатқа қамауға алған. Кейіннен оған айыптау жариялағаннан кейін, мерзімді 10 күнге, сонан соң 4 айға созған екен. Ал тергеу жұмыстарының жалғасып келе жатқанына 6 ай болыпты.