Құқыққорғаушы Евгений Жовтиске қатысты сот отырысы қыркүйектің 2-не қалдырылды. Адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының себепкері Адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісіне қатысты алғашқы сот отырысы бүгін басталған болатын.
Алайда құқыққорғаушының адвокаттары Алматы облысы, Балқаш ауданының Бақанас елдімекеніндегі сотқа келмей қалғандықтан тыңдаулар кейінге қалдырылды. Бұл туралы Жовтистің өзі Азаттық радиосының тілшісіне хабарлады.