«Рахат» телеарнасының атауы өзгерді

Қазақстандық «Рахат» телеарнасының атауы өзгерді деп хабарлады жұма күні Азаттық радиосына телеарнаның ақпараттық бағдарламалар редакторы Антон Федоров. «Бірінші қыркүйектен бастап телеарна СТВ деп аталады», - деді ол.

Антон Федоров телеарнаның бұрынғы атауында не кемшілік барын түсіндіріп жатпады, бірақ «СТВ» аббревиатурасын түсіндіріп берді. «СТВ» аббревиатурасы «Семейное телевидение» дегенді білдіреді. Біз көрермендеріміздің қалауын барынша қанағаттандыруға тырысамыз», - деді ол.