Ирақтағы бомба жарылысы 15 адамның өмірін әкетті

Ирақтың солтүстігіндегі екі бірдей бомба шабуылынан кемінде 15 адам қаза тапты.

Шабуылдың бірі Бағдадтан 300 шақырым жердегі Ширқат қаласындағы полиция бекетіне жасалса, екіншісі де ел астанасынан 390 шақырымдағы Синжар қаласында орын алды.

Ирақтың солтүстігіндегі жанкештілік шабуылдар қауіпсіздік шаралары қамтылмаған бақылау бекеттеріне жасалды.