НАТО сарбаздары Душанбедегі мейрамханада төбелеске қатысты

Тәжікстандағы НАТО базасының ресмилері мен тәжік шенеуніктері француз сарбаздары мен Душанбедегі мейрамхана жұмысшылары арасында болған төбелеске байланысты кімді кінәлауды білмей отыр.

Сенбі күні түнде «Аргили» мейрамханасында 3 француз жауынгері мен официант тамақтың бағасына байланысты дауласып қалған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Махмадулло Асадуллоевтың айтуынша, француз сарбаздары ақша төлеуден бас тартып, мейрамханадан шығып кетпек болған. Мейрамхана менеджері француздарды тоқтатпақшы болған кезде олар тарапынан соққыға жығылып, ауруханаға жеткізілген. Франция елшілігінің әскери атташесі мейрамхана қызметкерлері төбелесті бастады деп кінәлап отыр.