Суат жазығында 41 адамның мәйіті табылған

Пәкістан ресмилерінің айтуынша, соңғы 24 сағаттың ішінде Суат жазығындағы әр жерден талибан жауынгерлері болуы мүмкін деген 41 кісінің өлі денесі табылған.

Суат жазығының әкімшілік ресмилері ондағы бес мәйіттің басы кесілгенін айтты. Дәл осындай мүрделер шілде айынан бері табылып жатыр.

Ресмилер талибан жасақтарын олардың келуінен қауіптенген жергілікті тұрғындар өлтірген болуы мүмкін дейді. Бірақ тұрғындар мен құқық қорғаушылар олардың біразын қауіпсіздік күштері өлтірген шығар деп отыр.

Пәкістан армиясы талибандар бақылауындағы Суат жазығына бақылауды қайта алдық деп мәлімдеген болатын.