Индонезияда зілзала құрбандарының саны өсуде

Индонезияның Ява аралы аумағында орын алған зілзаладан кемінде 23 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды. АҚШ-тың геологиялық зерттеулер орталығының хабарлауынша, жерсілкінісі Рихтер көрсеткіші бойынша 7.0 балға жеткен.

Индонезия билігі цунами болуы мүмкін деп ескерткен еді бірақ кейінірек зілзала салдарынан көтерілген толқындардың онша күшті болмағандығы анықталды.