Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқықтары мен демократиялық институттары бойынша кеңсесі қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтистің сотына байланысты алаңдаушылық танытты.
Аталған ұйымның өкілі Том Раймер Азаттыққа берген сұхбатында сот барысын қадағалаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушы тобы бірқатар процессуалдық заңбұзушылықтарды анықтады деп мәлімдеді.
«Біз бұл процессуалдық заңбұзушылықтардың әділ сот өткізілуі туралы Жовтистің құқығын бұзғанына алаңдап отырмыз. Мұндай құқықтарға Қазақстан конституциясында, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерде және негізгі халықаралық стандарттарда кепілдік берілген», - деді Раймер .
Бейсенбі күні Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, құқыққорғаушыны сот залынан ұстап алып кетті.