Уинтон балаларының пойызы Лондонға жетті

Осыдан 70 жыл бұрын нацистік басқыншылардың құрсауындағы Чехославакияда жүздеген еврей балаларын құтқару әрекетіне құрмет пойызы бүгін Лондонге келіп жетті. Пойыз осыдан үш күн бұрын Прага қаласынан жолға шыққан еді.

1939 жылы британдық жас брокер Николас Уинтон 670 еврей баласын пойызбен Англияға алып шығып, британ отбасыларының қарауына тапсырған. Сол маршруттың ізімен жолға шыққан «Уинтон пойызына» сол жылдары аман қалғандар мен олардың жақын туыстары отырды.

Пойызды Лондон қаласында жүз жастағы қарт Николас Уинтонның өзі қарсы алды.