Үрімжі қаласы әкімінің орынбасары осы аптада қалада орын алған наразылық шараларында 5 адам қаза болды деп мәлімдеді.
Қытайдың Шыңжаң аймағындағы бұл қалада жұма күні полиция мыңдаған шерушіні таратқан болатын. Наразылық танытушылар шприц инесімен жасалды делінген бірқатар шабуылдардан соң қоғам қауіпсіздігін күшейтуді талап етті. Үрімжідегі шеруге бірнеше мың қытайлық хан өкілдері жиналып, әлгі шабуылдарға байланысты мұсылман ұйғырларын айыптады.
Шілде айында ұйғырлар мен қытайлық хан өкілдері арасында қақтығыстар орын алып, шамамен 200 адам қаза тапқан болатын.