Бүгін Алматының Бостандық аудандық сотында Қазақ радиосының жұмыстан заңсыз шығарылған бұрынғы қызметкері Гүлбану Мүшірованың арыз-шағымы бойынша жарыссөздер басталады. Сотта Гүлбану Мүшірованың құқын адвокат Гүлнар Мұратқызы мен «Әділ сөз» халықаралық ұйымы қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова қорғамақ.
Бұдан бұрын хабарлағамыздай, биылғы жылдың 3-шілдесінен бері жұмыссыз отырған Қазақ радиосының дыбыс жазу және монтаждау бөлімінің дыбыс операторы Гүлбану Мүшірова өзінің жұмыстан шығарылуының заңсыз екенін айтып, 10 млн теңге моральдық шығын талап етіп отыр.
Гүлбану Мүшірованың қорғаушысы Гүлнар Мұратқызының айтуынша, 16 жылдан бері осы ұжымда жұмыс істеп жүрген Гүлбануды жұмыстан шығару үшін басшылыққа ұсыныс түсірген монтаждау операторларының жетекшісі Амангелді Сәндібаев Еңбек кодексінің 94-бабына сәйкес тек ескерту ғана беруі керек екен.