Нұрғали Әшімов: Қазақстанның экология жөніндегі бағдарламасы үкіметтің қарауына ұсынылды

«2020 жылға дейінгі Қазақстан экологиясы» деп аталатын мемлекеттік бағдарламаның жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды, — деп хабарлады Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.

Министрдің айтуынша, бұл құжаттың негізгі бөлімі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мәселесін шешуге арналыпты. Осы мақсатта «Жасыл даму» ұлттық орталығын құрып, экология саласындағы бағдарламалардың қаржыландырылу тәртібін өзгерту ұсынылады.

«Мен бұл жобаны өткен аптада Қазақстан президентіне баяндап беріп, меммдекет басшысының мақұлдауын алдым», — деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі.