Венесуэла президенті Минскіде

Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Беларусқа барды. Ол президент Александр Лукашенкомен кездеспек. Бұл Чавестің Минскіге жасап отырған төртінші сапары.

Оның алдында Венесуэла президенті Иран мен Түркменстанда болды. Беларустан кейін ол Ресейге барады.