Түркияда табиғи апаттан кейін 8 адам табылмай жатыр

Түркияда су тасқынынан кейін кемінде 8 адам табылмай жатыр. Елдің солтүстік -батысында орын алған бұл табиғи апаттан 31 адам қаза тапты. Тек Стамбулдың өзінде-ақ кемінде 24 адам құрбан болды.

Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Стамбулдың батысындағы аймақтар мен Мәрмәр теңізі жағалауында тазалау операциялары басталды. Жүздеген үйге зақым келді немесе олар қирады деп хабарланып отыр.