Венесуэла басшысының Ресейге сапары жалғасуда

Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және премьер-министр Владимир Путинмен кездесуде. Чавес Ресей астанасына сәрсенбі күні барды. Кремлдің мәлімдеуінше, сапар барысында энергетика мен әскери мәселелерге қатысты келісімдер жасалмақ.

Уго Чавес Ресейден ондаған танк сатып алуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.