Дағыстанның Дербент қаласының маңында үш бүлікші өлтірілген

Өткен жексенбіде Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында ішкі істер қарулы күштері мен бүлікшілер арасында болған қарулы шайқаста үш бүлікші қаза тапқан. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, "қауіпсіздік күштері мен бүлікшілер арасындағы қақтығыс Дағыстанның онтүстік-шығысында «Дербент қаласының маңындағы тас жолда болған».

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында соңғы кезде билік өкілдеріне және қауіпсіздік күштеріне қатысты жиіленіп кеткен қарулы шабуылдар ресми Мәскеудің алаңдаушылығын туғызып отыр.