Украинада сайлауалды жаңа блок кұрылды

Украинада 4 солшыл партия жаңа сайлауалды блогын құру арқылы 2010 жылдың 17 қаңтарына жоспарланып отырған президенттік сайлауға бірыңғай кандидатты ұсынбақ болып келісті.

Азатық радиосы орыс редакциясының Киевтегі тілшісінің хабарлауынша, солшыл блок құру декларациясына Компартия, "Солшыл күштер одағы", "Әділеттік" және Социал-демократиялық партиялардың басшылары қол қойған.

Коммунистердің көсемі Петр Симоненко бұл бірігудің басты мақсаты – «биліктегі ұлтшылдарды шеттету» болып табылады дейді.

Симоненко алдағы президенттік сайлауда жаңа блогтан бірыңғай кандидат ретінде ұсынылуы мүмкін. Бірақ, бұл мәселе бойынша соңғы шешім 20 қазанда өтетін партияаралық жалпы съезде қабылданады.