Ауғанстанның кей сайлау учаскелерінде дауыстар қайта саналмақ

Ауғанстандағы сайлау учаскелерінің шамамен 10 пайызында дауыстар қайта саналуы тиіс. Бұл туралы сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын халықаралық комиссияның канадалық өкілі Грант Киппен хабарлады. Оның мәлімдеуінше, елдің 2,5 мыңнан аса сайлау учаскесінде бұрмалаушылықтар орын алған болуы мүмкін сондықтан дауыстар тексеріліп, қайна саналуы керек. Тамыздың 20-дағы президент сайлауында бұл елде 25 мыңнан аса сайлау учаскесі болған.

Дауыстардың басым бөлігі саналып бітті, бастапқы қорытындыларға сәйкес, президент Хамид Қарзай 54 пайыздан астам дауысқа қол жеткізген бірақ сайлауда бірқатар заңбұзушылықтар болды делінеді.