Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, судағы құтқару қызметінің құтқарушылары Атырау қаласында жаңадан салынып жатқан көпір құлағаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткендердің арасында болған «Трансқұрылыскөпір» АҚ-ның 34 жастағы жұмысшысының денесін судан тауып алған.
Өткен аптаның жұмасы күні кешке Атырау қаласында Мечников пен Баймұханов көшелерін байланыстыратын жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі Жайық өзеніне құлағанын бұдан бұрын Азаттық хабарлаған болатын.