Жапония парламенті жаңа премьерді тағайындады

Жапония парламенті бұрынғы оппозиция жетекшісі Юкио Хатояманы премьер-министр етіп тағайындады. Сәрсенбі күні парламенттің төменгі палатасы Хатояманы үкімет басшысы етіп тағайындау жөнінде дауыс берді.

Хатояманың Демократиялық партиясы өткен айдағы сайлауда 50 жылдан астам уақыт билікте отырған консервативті Либералды демократиялық партиясын жеңген болатын.

Хатояма тұтынушылар саясатына аса назар аударуға уәде етті.