Еурокомиссияның басшысы қайта сайланды

Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэл Баррозу екінші бесжылдық мерзімге қайта сайланды. Еуропа парламентінің 382 депутаты Баррозуны қолдап дауыс берсе, 219-ы қарсы болды, ал 117 депутат бейтараптық танытты.

Португалияның бұрынғы премьер-министрі Баррозу алғаш рет бұл қызметке 2004 жылдың қараша айында сайланған болатын.