Александр Кельчевский: Назарбаев өмірлік президенттік мәселесінде дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін

Қазақстандағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Александр Кельчевский Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік президенттік мәселесінде дұрыс шешім қабылдайды деп сенеді.

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев «Нұр Отан» ХДП Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойғы президенттігі мәртебесін бекіту заңнамасын ұсынатындығын хабарлаған еді.

«Мен бұл бастамаға қатысты ешқандай түсініктеме бермегенді жөн көрдім. Тек қана президенттің өзі бұл мәселеге қатысты дұрыс шешім қабылдайды деп сенетінімді айтамын», — деді Кельчевский.