Обама мен Клинтон Ораза айт мерекесімен құттықтады

АҚШ президенті Барак Обама күллі мұсылмандарды ұлық мерекесі Ораза айтымен құттықтады.

Ақ үй таратқан мәлімдемеде Обама мұсылман қауымдастықтары қайырымдылық жасаушылар, сондықтан барлық мұсылмандар бұл мерекеге қатыса алады деген.

Ораза айт мерекесіне орай АҚШ мемлекеттік хатшысының құттықтауы да берілді. Онда Клинтон ханым Обаманың маусым айында Қаиырдағы сөзіне тоқтала келе, Америка ислам әлемімен байланыстарын қайта бастауға шақырады деді.

Хиллари Клинтон Ислам құндылықтары - қайырымдылық, қауымдастық, ынтымақтастық пен көмек білдіру ұстанымдары американдықтарға да ортақ әрі американ мәдениетіне көп үлес қосты деген.