АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартуына Ресейдің қарсылығы ықпал етті деген сыни пікірлерді түбегейлі теріске шығарды.
Обама бұл туралы CBS телеарнасына берген сұхбатында айтып, біздің қорғаныс саласына қатысты мәселені Ресей шешпейді деді.
Бұл АҚШ президентінің бейсенбі күні Польша мен Чехияда зымыран қорғанысын орнату жоспарынан бас тарту туралы жариялағаннан бері бұл тақырыпқа қатысты айтылған алғашқы пікірі болып отыр.
Бұл жоспар Құрама Штаттардың бұрынғы президенті Джордж Буш кезінде ұсынылған. Ресей оны өз қауіпсіздігіне төнген қатер ретінде қабылдап, қарсы болып келген.