Ющенко Украинаның НАТО-ға мүше болуына сенім артады

Украина президенті Виктор Ющенко БҰҰ Бас Ассамблеясының саммитіне қатысу үшін барған Нью-Йорктегі сапарында Украинаның НАТО-ға мүше болу мүмкіндігін алға тартты.

Дүйсенбі күні Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде Ющенко Украинаның НАТО-ға қабылдану мүмкіндігін көршілес Ресейдің ішкі ісіне араласуына қарсы тәуелсіздік кепілі ретінде сипаттады.

Ющенко 1917-1991 жылдар аралығында Украина алты мәрте тәуелсіздік жариялағандығын, одан бес мәрте айрылып қалғандығын атап көрсетті.

Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Ющенко елдің НАТО-ға мүшелікке қабылдануын қолдайтындар саны өсіп келе жатқандығын айтқан.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Ющенко елде өзіне деген қолдаудың төмен екендігіне қарамастан, келесі жылдың қаңтар айындағы президенттік сайлауда жеңіске жетуді көздейтіндігін мәлімдеді.