KazSat-2 келесі жылы ұшырылады

«KazSat-2» жер серігі 2010 жылы орбитаға шығарылады деп хабарлады ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.

2006 жылы республикалық ғарыш байланыстары орталығы мен ресейлік М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы арасында екінші мәрте қазақстандық байланыс және тарату жер серігін жасау туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.

Қазіргі таңда осы жоба бойынша атқарылған жұмыс көлемі 70 пайыздан асады.