Джордж Буштың мұрасы

Болашақ АҚШ президенттері Джордж Буш пен ұлы Джордж Буш. Коннектикут штатының Нью-Хейвен қаласында, 1946 жыл - Йель университетінің белгісі бар бірдей киім киіп тұрған болашақ АҚШ президенттері Джордж Буш пен ұлы Джордж Буш. Коннектикут штатының Нью-Хейвен қаласында, 1946 жыл.

Республикандықтардан президент сайлауына түскен үміткер Джордж Буш пен оның жұбайы Лора сайлау науқанында. 2000 жыл. - Республикандықтардан президент сайлауына түскен үміткер Джордж Буш пен оның жұбайы Лора сайлау науқанында. Филадельфия, 3 тамыз 2000 жыл.

АҚ үй қызметкері Эндрю Кард (сол жақта) Дж. Бушты 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік шабуылдардан хабардар етті. - Кадрлар басшысы Эндрю Кард (сол жақта) таңертең мектепте балаларға кітап оқу шарасында АҚШ президенті Джордж Бушты 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік шабуылдар жөнінде хабардар етуде.

Лаңкестік шабуылдардан соң Джордж Буш Нью-Йоркте қиратылған Дүниежүзілік Сауда орталығы жанында малімдеме жасады. - 2001 жылдың 14-ші қыркүйегінде АҚШ президенті Джордж Буш Нью-Йоркте қиратылған Дүниежүзілік Сауда орталығы жанында мегафон арқылы өрт сөндірушілер мен басқа да жұмысшыларға мәлімдеме жасауда.

АҚШ бақылауындағы Гуантанамо абақтысы. 18 қаңтар, 2002 жыл. - Гуантанамо абақтысында қызғылт-сары киім киген тұтқындар АҚШ әскери полициясының қадағалауында. 18 қаңтар, 2002 жыл.

Ирақ соғысына қатысты кеңесулер. - Ираққа қарсы әскери операцияны мақұлдау үшін АҚШ ресмилері Вашингтондағы Ақ үйде жиналды. 19 наурыз 2003 жыл.

Ирақтағы кең-ауқымды шайқастар. - АҚШ президенті Джордж Буш ұлттық жолдауында Ирақтағы кең-ауқымды шайқасты жариялап, оны “лаңкестікке қарсы соғыстағы бірінші жеңіс” деп атады. “Ирақтағы шайқаста АҚШ пен біздің одақтастарымыз жеңіске жетті”, - деді Буш. Саддам Хусейннің биліктен құлатылуын Джордж Буш экстремисттік зорлық-зомбылықты жою бағытындағы “маңызды алғабасушылық” болды деп сипаттады.

Таяу Шығыста бейбітшілікті орнату әрекеттері. - АҚШ президенті Джордж Буш пен Израиль премьер-министрі Ариель Шарон және Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас Иорданияның Қызыл теңізіндегі Ақаба курортында келіссөз өткізуде. 4 маусым 2003 жыл.

АҚШ президенті Джордж Буштың Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесуі. Ақ үй, 15 маусым 2004 жыл. - АҚШ президенті Джордж Буштың Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесуі. Вашингтондағы Ақ үй, 15 маусым 2004 жыл.

Буш командасымен қорғаныс саясаты мен бағдарлама командалары кездесуіне жиналған болатын. 23 тамыз 2004 жыл. - (Сол жақтан оң жаққа қарай) Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райс, вице-президент Дик Чейни, президент Джордж Буш, қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд, Штабтар қолбасшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Ричард Майерс Буштың Техастағы ранчосында журналистердің алдында сөз сөйлемекші. Олар Буштың қорғаныс саясаты мен бағдарлама командалары кездесуіне жиналған болатын. 23 тамыз 2004 жыл.

АҚШ президенті Джордж Буш “Катрина” дауылынан зардап шеккен Луизиана штатындағы Нью-Орлеан қаласында. 12 қыркүйек 2005 ж - АҚШ президенті Джордж Буш “Катрина” дауылынан зардап шеккен Луизиана штатындағы Нью-Орлеан қаласына сапар жасауда. 12 қыркүйек 2005 жыл.

АҚШ - Ресей қарым-қатынастары. - АҚШ президенті Джордж Буш пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин Қара теңіздегі Бочаров Ручей резиденциясында күннің ұясына батуын тамашалауда.

АҚШ президенті Джордж Буш пен жұбайы Лора Буш Дженна (оң жақта) мен Барбара (сол жақта) қыздарымен бірге. - АҚШ президенті Джордж Буш пен оның жұбайы Лора Буш Дженна (оң жақта) мен Барбара (сол жақта) есімді қыздарымен бірге. Техас, 10 мамыр 2008 жыл.

АҚШ президенті Джордж Буш пен жаңадан сайланған президент Барак Обаманың Ақ үйдегі кездесуі. 10 қараша 2008 жыл. - АҚШ президенті Джордж Буш пен жаңадан сайланған президент Барак Обаманың Ақ үйдегі кездесуі. 10 қараша 2008 жыл.

АҚШ президенті Дж. Буш Бағдадтағы баспасөз маслихатында Ирақ журналисі лақтырған аяқ киімнен аман қалу үшін бұғып қалды. - АҚШ президенті Дж. Буш Бағдадтағы баспасөз маслихатында Ирақ журналисі лақтырған аяқ киімнен аман қалу үшін бұғып қалды. 14 желтоқсан 2008 жыл.

Буштың соңғы баспасөз маслихаты. - АҚШ президенті Джордж Буш Ақ үйде соңғы баспасөз маслихатын өткізді. Буш Газа секторында атыстың тұрақты түрде тоқтауын қалайтынын айтты бірақ Хамас тобы Израилге зымырандарын атуын доғаруы тиіс деп мәлімдеді. 12 қаңтар 2009 жыл.