Қазақ соттарының келбеті

Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бидің Астанадағы ескерткіші. - Қазыбек би, Төле би және Әйтеке би - қазақ сот билігінің негізін қалаушылар. Астана, маусым 2009 жыл.

Апелляциялық сот Жақсыбек Күлекеевке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Астана, 14 қаңтар 2009 жыл. - Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевке шығарылған Сары-Арқа аудандық №2 сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал қорғаушылардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Жақсыбек Күлекеев қызмет бабын асыра пайдаланған деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда оған тағылған айыптардың бастысы - 100 мың доллар көлемінде пара алған деген айып бойынша ақталды.

Еркін Шәріпов, Жақсыбек Күлекеев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы. Астана, 3 қазан 2008 жыл. - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев 2008 жылы қарашада қызмет бабын асыра пайдаланған деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айрылды, бірақ ол пара алған деген айыптан ақталды.

Нұржан Жолдасбеков, Жақсыбек Күлекеев ісі бойынша судья. - Судья Нұржан Жолдасбеков "Қазақстан темір жолы" компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекевке үкім шығарып тұр. Ол қызмет бабын асыра пайдаланған деген айып бойынша үш жылға бас бостандығынан айрылды. Астанадағы Сары-Арқа аудандық сот залы. Астана, 13 қараша 2008 жыл.

Адвокат Сәлімжан Мусин Жаксыбек Күлекеевтің сотында. Астана, 7 қараша 2008 жыл. - Сәлімжан Мусин, "Қазақстан темір жолы" компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевті пара алған деген айып бойынша ақтап шыққан адвокат. Қазіргі таңда ол қудалаудағы кәсіпкер Мұхтар Әблязовтың қорғаушысы. Ақпан айының басында Әблязовты БТА банкі үкіметтің бақылауына өткен соң банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен айырды. Кейіннен Әблязовқа және банктің басқа да топ-менеджерлеріне қарсы сыбайласқан жемқорлық айыптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Судья Зауре Кейкібасова дін таратушы Елизавета Дреничеваның үкімін оқып тұр. Алматы, 9 қаңтар 2009 жыл. - Судья Зауре Кейкібасова ресейлік дін таратушы Елизавета Дреничеваны екі жылға түрмеге отырғызды. Кейін Елизавета Дреничеваны апелляциялық сот бостандыққа шығарды, бірақ оған шығарылған үкім күшінде қалдырылды.

Чолан Толқынов, құқыққорғаушы Евгений Жовтистің ісі бойынша судья. Бақанас, Алматы облысы, 2 қыркүйек 2009 жыл. - 2009 жылы 3 қыркүйекте Алматы облысы Балқаш аудандық соты адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтисті жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға соттады. Судья Толқынов үкімді екі күнің ішінде шығарды.

Алтай Жәнібеков, Евгений Жовтис ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы. Бақанас, 2 қыркүйек 2009 жыл. - Алматы облысының Балқаш аудандық соты адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім 2009 жылы 3 қыркүйекте шығарылды.

Кенжалы Үсіпбаев, журналист Виктор Ковтуновский ісі бойынша прокурор. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл. - Тәуелсіз журналист Виктор Ковтуновскийге жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Евгений Жовтис үкіміне қарсы наразылық акциясын өткізгені үшін айыппұл салынды. (Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюро өкілі түсірген сурет)

Прокуратура өкілі Гүлнәр Ахмедиева Андрей Свиридовтың ісі бойынша түсінік беріп тұр. Алматы, 16 қыркүйек 2009 жы - Алматы ауданаралық әкімшілік соты Андрей Свиридовке 12 мың 730 теңге (шамамен 80 доллар) айыппұл салды. Мұндай жаза тәуелсіз журналист Андрей Свиридов адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтисті жақтап, көпшілік алдында акция өткізгені үшін шығарылды.

Рүстем Дүйсенбаев, «АРТ-ТВ» телекомпаниясына қатысты іс бойынша мемлекеттік айыптаушы. Қарағанды, 21 мамыр 2009 жыл. - 2009 жылы 10 маусымда Қарағанды облысы бойынша ауданаралық экономикалық соты эфирдің SMS-чатында ұлтаралық кикілжің туғызатын екі хабарламаның өтуіне байланысты "АРТ" телекомпаниясын жабу туралы шешім шығарды. Телеарнаның басшылығы бұл оқиғаны техникалық қателік деп түсіндірді.

Ерлан Тасыров, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларының ісі бойынша судья. Астана, 26 маусым 2009 жыл. - Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа және оның бұрынғы екі орынбасары Әлжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсембаевқа Қарағанды облысы аумағындағы бұрынғы ресейлік «Дарьял-У» әскери нысанындағы улы қоқыстың көзін жоюға бөлінген 1,1 миллиард теңге мемлекеттік қаржыны ұрлаған деп айыпталуда.

Бақтияр Ерназаров, қоршаған ортаны қорғау министрлерінің бұрынғы басшылары ісінде мемлекеттік айыптаушы. - Прокурор Бақтияр Ерназаров қоршаған ортаны қорғау министрлерінің сыбайласқан жемқорлық жасаған деп айыпталушы бұрынғы басшыларына қатысты іс бойынша сот залында. Астана, 3 қыркүйек 2009 жыл.

Венера Тоқтарбаева, кәсіпкер Валерий Алефиренконың «Алма-Ата Инфо» газетіне қарсы шағымын қараған судья. - 2009 жылы 16 наурызда Медеу аудандық соты Венера Тоқтарбаева шағымданушының "Алма-Ата Инфо" газеті мен журналистен талап еткен 100 миллион теңгенің орнына айыпталушы кәсіпкерге 150 мың теңге (шамамен 1 000 доллар) айыппұл төлеп, "Финполиция помогает делать деньги из воздуха" атты мақалада келтірілген мәліметтерді жоққа шығарып, басу қажеттігі туралы шешім шығарды.

Александр Кирьяк, оппозиция жетекшілерінің ісі бойынша мемлекттік айыптаушы. Алматы, 12 наурыз 2009 жыл. - Оппозиция жетекшілері Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Төлен Тоқтасынов биліктің Павлодарда кәсіпкерді өлтірілуіне қатысы бар деп күдіктелген ағайынды Байсақовтарды жасырған деп айыпталды. 2009 жылы 22 мамырда Алмалы аудандық соты оппозиция өкілдерін айыпты деп тапты, бірақ оларды жауапкершіліктен босатты.

Прокуратура мен полиция өкілдері сөз бостандығын сақтау бойынша журналистер акциясын бақылап тұр. - Фототілші БАҚ қорғау митингіне қатысушыларды суретке түсіруде. Акцияны прокуратура және полиция өкілдері бақылап тұр. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Мұстақым Төлеев, адвокат. Алматы, 19 қыркүйек 2009 жыл. - 2009 жылдың тамызында Мұстақым Төлеев Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамедовтың жала жабушылық айыбымен өзінің бұрынғы кеңесшісі Алпамыс Бектұрғановқа қарсы шағымында әкімнің мүддесін қорғады. Айыпталушы бір жылға түрмеге жабылды.

Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы Марат Мақсұдов «Республика» газетінің сотында. Алматы, 9 қыркүйек, 2009 ж. - Судья "Республика" газетін БТА банкіне 20 миллион теңге айыппұл төлеуге шешім шығарып, даудың өзгі болған мақаланы жоққа шығаратын материал басуға міндеттеді. Алматы, 9 қыркүйек, 2009 ж.

Руслан Сүлейманов, «Тасжарған» газетінің ісі бойынша судья. Алматы, 16 қаңтар 2009 жыл. - Алматы қалалық Медеу аудандық сотының судьясы Руслан Сүлейманов "Тасжарған" газеті мен оның журналисі Алмас Көшербаевты парламент депутаты Ромин Мадиновтың пайдасына үш миллион төлеу, сондай-ақ осы істің басталуына түрткі - «Бедный латифундист» мақаласын жоққа шығарып басу туралы үкім шығарды. Кейін Алматы қалалық сотының шешімімен шағым құны 30 миллион теңгеге дейін (шамамен 200 мың доллар) көбейтілді. Жоғарғы сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Рәшид Түсіпбеков, Қазақстанның әділет министрі. Бұған дейін бас прокурор қызметін атқарған. - Рәшид Түсіпбековтың суреті Әділет министрлігінің сайтынан алынды.

Қайрат Мәми, Қазақстанның бас прокуроры. Бұған дейін Жоғарғы сотты басқарған. - Қайрат Мәми, шамамен тоғыз жылға жуық Жоғарғы сотқа төрағалық етіп, 2009 жылы сәуірде бас прокурор болып тағайындалды. Астана, 10 наурыз 2009 жыл.