Қазақстандағы оппозициялық басылым биліктің қысымына қарамастан газетті басып шығаратынын хабарлап отыр. Билік орындары екі апта қатарынан "Республиканың" тиражын тәркіледі.
Қыркүйектің 24-і күні кешке Қаржы полициясы Алматыдағы «Голос Республики» газетінің жұма күнгі саны басылуы тиіс болған "Комета S" баспасының барлық мүлкін тәркілеген болатын.
"Республика" басылымына қатысты рейдтер Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға дайындалып жатқан кезде жасалып отыр. Құқыққорғаушы топтар Қазақстанның бұл еуропалық ұйымға төраға болуына наразылық білдірген-ді.