Молдовада либералды саясаткер премьер болды

Молдова парламенті Еуропамен интеграцияны қолдайтын жетекші либералды саясаткердің премьер-министр етіп тағайындалуын мақұлдады.

Либералды демократиялық партиясының басшысы Влад Филаттың кандидатурасын 101 депутаттың 53-і қолдап дауыс берді. Шілде айындағы сайлауларда либералды партиялардың коалициясы жеңіске жетіп, елді 8 жыл басқарып келген коммунистердің билігі аяқталған болатын.