Ауғанстанда 18 бүлікшінің көзі жойылды

Ауғанстанның Кундуз өлкесінде 18 Талибан бүлікшісі өлтірілді. Өлке әкімі Мохаммад Омардың хабарлауынша, сенбі күні бүлікшілер Дашти Арчи ауданы әкімшілігіне шабуыл жасаған, сөйтіп ауған полициясымен арада шайқас басталып кеткен.

Полиция қызметкерлері 18 тәліпті өлтіріп, онын жаралады дейді Мохаммад Омар.