Қазақстанда қырғыз азаматы есірткімен ұсталды

Жамбыл облысының "Қордай" кеден бекетінде ірі көлемдегі есірткімен қырғыз азаматы ұсталды деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Сенбі күні тұтқындалған азаматтың сөмкесінде шамамен 5 килограмм героин табылды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.