Пәкістанда құрбандар саны өсуде

Пәкістанның солтүстік-батысындағы екі жанкештілік жарылыстан қаза болғандардың саны 27-ге жетті. Сенбі күні орын алған бұл шабуылдардан сондай-ақ 150-ге жуық адам жарақат алды.

Алғашқы жарылыс Банну қаласындағы полиция бекетінде, ал екіншісі Пешауардың орталығындағы сауда аймағында орын алды.

Бұл екі шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.