Адамның құқын қорғаушылар Чешенстан тұрғындарының шағымдары бойынша адамның құқы жөніндегі Еуропа сотының шешімдерін Ресей елемей, онысы Солтүстік Кавказдағы зорлық-зомбылықты өршіте түседі деп есептейді.
Human Rights Watch ұйымының жексенбі күні жарияланған баяндамасына сәйкес, Ресей үкіметі 30-дан астам іс бойынша Страсбург сотының шешімдерін орындамады. Бірде-бір жауапкер, тіпті Еуропа сотының үкімдерінде аты-жөндері нақты аталғанді жауапкерлердің бірі де жазаға тартылмаған.
Баяндама авторларының бірі Джейн Бьюкенен мәлімдегендей, жазалаусыз қалған әрбір қылмыс адамның құқын өрескел бұзуға да түрткі болады.
Солтүстік Кавказдағы адам құқының ахуалы бойынша пікірталас өткізу өткізу қажеттігі туралы мәселе дүйсенбі күні Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясында дауысқа қойылады.