АҚШ-тың төрт мыңға жуық сарбазы Ирақтан шығарылады

Вашингтон қазан айының аяғына дейін төрт мыңға жуық сарбазын Ирақтан шығаруды жоспарлап отыр.

АҚШ-тың Ирақтағы қолбасшысы генерал Рей Одиерно бүгін Конресстегі тыңдаулар барысында осындай мәлімдеме жасайды. Жоспар жүзеге асқан жағдайда, бір айдан соң Ирақта шамамен 120 мың американдық сарбаз қалады.

Одиерно баяндамасының көшірмесін алған ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, келесі жылдың қыркүйегіне таман әскери бөлімдердің барлығы Ирақтан шығарылады. АҚШ әскерінің толықтай шығарылуы, Ирақ үкіметі қол қойған қауіпсіздік туралы келісімге сәйкес, 2011 жылы аяқталады.

2003 жылдың наурыз айынан бері Ирақта АҚШ-тың төрт мыңнан астам әскери қызметкерлері қаза болды.