Ресмилер: Кабулдағы БҰҰ өкілінің орынбасары қызметіне оралмайды

БҰҰ-ның Ауғанстандағы жоғары лауазымды өкілі елдегі президент сайлауына орай бастығымен арада шыққан дауға байланысты Кабулдағы қызметіне оралмайтын болды. Аты-жөнін атағысы келмеген ресмилердің айтуынша, БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Кей Ейдтің орынбасары Питер Галбрейт Кабулға қайтпайды.

Алайда Би-Би-Си-дің хабарлауынша, АҚШ дипломаты Галбрейт бұл ақпаратты жоққа шығарған. Тамыз айындағы президент сайлауына қатысты заңбұзушылықтар жөніндегі айыптауларды көтерген Галбрейт осы айдың басында Ейдпен дауласып қалып Ауғанстаннан кетіп қалған болатын.