Вице-министр Абылай Сабдалин пара берген деген күдікпен ұсталды

Қаржы полициясы 29 қыркүйекте төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің орынбасары Абылай Сабдалинді ұстады.

«Сабдалин сейсенбі күні қаржы полициясының офицеріне тергеуге дейінгі материалдар бойынша шара қолданбау үшін аса ірі көлемде – 45 мың доллар пара берген деген күдікпен ұсталды» деді бейсенбі күні Азаттық радиосына қаржы полициясының баспасөз хатшысы Дәмежан Есімбекова.

39 жастағы Абылай Сабдалин төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр қызметіне 2007 жылдың ақпанында тағайындалған.