Ирақ парламенттік сайлауға түсетін жаңа коалицияны жариялады

Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики қаңтар айында өтетін парламенттік сайлауға 40 партиядан құралған жаңа коалиция түсетінін хабарлады.

Әл-Мәликидің айтуынша, Дәулет әл-Қанун коалициясына бірнеше этникалық топтар, діни секталар мен тәуелсіз саясаткерлер енген.

Ирақ премьер-министрінің Дауа партиясы 2005 жылғы сайлауда билікке келген шииттер альянсының басым бір бөлігі болған. Бірақ әл-Мәлики осы жылдың басында жаңадан құрылған шииттер коалициясына қосылмай, бұрынғы одақтастарымен байланысын бұзған.

2005 жылғы сайлауда негізінен этникалық және жікшіл топтар арасында ғана бәсеке болды.