Пхеньянда Қытай-КХДР келіссөзі өтеді

Қытайдың премьер-министрі Вэнь Цзябао 3 күндік сапармен Солтүстік Кореяда жүр. Пхеньян әуежайына ұшып келген сәтінде оны соңғы уақытта қарасын өте сирек көрсетіп, шетелдік басшылармен онша көп кездесе бермейтін Корея халық-демократиялық республикасының коммунистік көсемі Ким Чен Ирдің өзі қарсы алды.
Екі жақты келіссөздің барысында Пхеньянның ядролық бағдарламасының төңірегіндегі проблема сөз болатын сияқты.
Бірқатар Батыс елі мен АҚШ Қытай премьері Ким Чен Ирді осы проблема бойынша 6 жақты келіссөзге қайта оралуға көндіре алады деп үміттенеді.
Солтүстік Корея келіссөзге қатысудан сәуір айында бас тартып, 1 ай өте жаңа ядролық сынақтарын бастады.