Грекияда үкіметтің ауысуы әбден мүмкін

Грекияда кезектен тыс парламент сайлауы жалғасу үстінде. Жорамалға сәйкес, сайлауда оппозициядағы Костас Папандреу бастаған Бүкіл гректердің социалистік қозғалысы жеңіске жететін тәрізді.
Кезектен тыс сайлау өткізуге қазіргі премьер-министр Костас Караманлис мұрындық болды. Оның мәлімдеуінше, елді дағдарыстан алып шығуға қажетті маңызды шешімдер қабылдау үшін үкіметке қоғамның жаңа сенім мандаты керек.
Үкіметтің қауқарсыз экономикалық саясатына деген халықтың наразылығы, сондай-ақ атқарушы биліктің сыбайластық жемқорлықты ауыздықтай алмауы үкіметтің ауысуына түрткі болуы мүмкін.