Бағдадта тағы бір жарылыс болды

Жексенбі күні Бағдадтың халықаралық әуежайынның кіре-берісіндегі күзет постына жақын тұста жанармай таситын жүк көлігі жарылды. Кем дегенде 5 күзетші жараланып, оған қоса АҚШ армиясына қажетті жанармай таситын өзге 4 цистерна өртенді.
Әуежай күзетінің мәлімдеуінше, жарылыс өз көлігінің жанында ас жылыту үшін от жаққан көлік жүргізушінің кінәсінен болды. Полиция жүк көлігіне орнатылған қопарғыш іске қосылды деп есептейді.