БҰҰ-ның Пәкістан астанасындағы кеңсесінде жарылыс болды

Дүйсенбі күні Пәкістан астанасы Исламабадта БҰҰ кеңсесінің ғимаратында жарылыс болды.

Полицияның хабарлауынша, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы кеңсесінде тіркелген жарылыстан кем дегенде үш адам қаза болды, солардың арасында шетел азаматтары бар. Ғимаратқа айтарлықтай зақым келген.

Бұл жарылыстың жауапкершілігін әзірге ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.