Франция президенті Саркози ертең Қазақстанға келеді

Франция президенті Николя Саркози сейсенбі күні жұмыс бабымен Қазақстанға келеді. Саркози ауқымды бизнес делегацияны бастап келмек.

Президент кеңесшісінің хабарлауынша, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін сапар барысында мұнай-газ, ғарыштық технология және қорғаныс саласындағы бірқатар келісімдер, сондай-ақ Қазақстан аумағын француз қарулы күштерінің Ауғанстан бағытындағы транзиттік нысан ретінде пайдалану туралы құжат қабылданады деп жоспарланған.